Орал қаласының пәтер иелері кооперативтері ассоциациясында «Қазпошта» АҚ өкілдерінің және ПИК төрағаларының қатысуымен коммуналдық қызметтер есепшоттарын өңдеу, төлемдерді қабылдау және аудару бойынша (Бірыңғай төлемдердің орталық жүйесі) «Қазпошта» АҚ-мен келісімшарт жасасу сұрақтары бойынша жиналыс өткізілді.
Қазіргі уақытта тұрғындар коммуналдық қызмет көрсетуші компаниялардан төлемақы жөнінде бірнеше түбіртек алады. Оны төлеу үшін уақытын жұмсайды, төлемақы төлегені үшін комиссия, яғни ақша шығындайды. Енді жағдай өзгереді: бұрынғы түрлі түбіртектің орнына бар болғаны бір құжат беріледі.