Қаламызда алдағы жылыту маусымына дайындық шаралары жоспарлы түрде жүзеге асуда. Маусымға дайындық шараларын дер кезінде жүргізу халықты жылумен қамту сапасының жоғары деңгейінің көрсеткіші болмақ. Қазіргі уақытта «Жайықжылуэнерго» АҚ теңгерімінде ұзындығы 21,89 км болатын іргелес жылу желілерімен бірге 23 қазандық бар. Қазандықтардан 128 тұрғын үй, 25 әлеуметтік нысан, 73 өнеркәсіптік объекті жылумен жабдықталып отыр. 59 қазандықтың 32-не ағымдағы жөндеу жүргізілді. Қазіргі уақытта қазандықтың 2019-2020 жылу маусымына дайындығы 77% құрайды. Сондай-ақ 4,630 км жоспарымен 3,141 км жылу желілері жөнделді. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша екі жылу магистралі күрделі жөндеуден өтуде. 2019 жылғы 18 маусымнан бастап Чкалов көшесіндегі №1 пункттен У.Громова көшесінде дейінгі ұзындығы 654,5м. №4 жылу магистралінің демонтаждау жұмыстары жүргізілді, қазіргі таңда тіректерді монтаждау жұмыстары жүргізіліп, материалдар дайындалуда. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалпы көлемінен 20% орындалды.

Сондай ақ, ағымдағы жылдың 3 шілдесінен №8 жылу магистралінің жерасты каналы мен құбырларын демонтаждау жұмыстары атқарылуда. Әбілқайыр хан даңғылы бойы 7 шағын ауданнан бастап 6 шағын ауданына дейінгі № 8 жылу магистралінің жалпы ұзындығы 820,5м. құрайды.

Жылыту маусымына дайындық жұмыстарын аяқтау 15 қыркүйекке жоспарланған.

Алдағы жылу беру маусымына дайындық шаралары қала басшылығының тұрақты бақылауында.