Бүгін қала әкімі Мұрат Мұқаев Орал қаласы Депо ауданындағы темір жол арқылы өтетін жолөткелін қайта құру жұмыстарымен танысты.
Қазіргі таңда 59 алынбайтын металл ағаштан жасалған қалыпқа және тіреуіш бағаналар, сондай-ақ барлық ригелі және подферменниктері бетонмен құйылды, жол өтпесіне кіру жолын орнату үшін геотор және қиыршық тас төсеу жүргізілуде, 37 арқалық құрастырылды. Сонымен қатар, қабырғаға бекіту және 4-5 тіректері арасындағы плиталарды арматуралау жұмыстары жүргізілуде.
Арқалық 100% (130дана) «БҚО Техстрой» ЖШС аумағынан және Пойма станциясынан әкелінді, жол өтпесіне кіру үшін жолына геотор 100% орнатылды және жол өтпесіне кіру жолына жалпы көлемінен 30% қиыршық тас (2070 тонна) дайындалды.