Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Азамат Нұрмұxанбетов қаламыздағы спорттық алаңдардың жөндеу жұмыстарын жүргізуші "Алтын Ел" ЖК жұмысшыларымен кездесіп, жұмыс барысын тексерді. Кездесу барысында жөндеу жұмыстарының мәселелері, алаңдардың резеңке және жасанды жабынын ауыстыру сұрақтары талқыланды. Әр алаң ең алдымен темір қоршауды ауыстыру, баскетбол қоржынын және футбол қақпаларын орнатуды қажет етеді.

Бүгін, Алмазова 63 мекен-жайында орналасқан, толық жөндеуден өткен алғашқы спорттық алаң пайдалануға берілді. Аталған алаңның бүлінген темір қоршаулары қалпына келтіріліп, баскетбол қоржыны мен футбол қақпасы орнатылды. Алаң боялып, жер жабынының жолақтары жаңартылды. Сонымен қатар, алаңның айналасы шөптен қырқылып, қоқыстан тазартылды.

"Алтын Ел" ЖК өкілі, Елдар Қайроллаевтың айтуынша, жөндеу жұмыстары бекітілген кесте бойынша жүргізілуде. Ең алдымен алаңдардың темір қоршаулары қалпына келтірілуде, кейін олар боялып, соңғы болып алаңның жасанды жабындары жасалатынын айтып, жұмысшылар жөндеуге қажетті барлық материалдармен уақыты қамтамасыз етілуде екенін жеткізді.

Тексеру соңында жөндеу жұмыстары жүріп жатқан алаңдардың резеңке жабыны талқыланып, бөлім басшысы жұмыстардың уақытылы орындалуы мен сапасының талапқа сай болуын талап етті.

Айта кетейік, бүгінде Орал қаласы бойынша 8 спорттық алаңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жөндеуден өткен алғашқы алаң пайдалануға берілді.

1. Зачаганск, Болашақ ш/а, Бөкен би көш.

2. Зачаганск, Моңкеұлы көш.

3. Жәңгір хан көш. 53,55,57

4. Акмурзин көш. 1, Короленко көш. 32

5. Инструментальная көш. 27, Верхняя көш. 26, Украинская көш. 10

6. С.Тюленин көш. 43, Матросов көш. 56

7. Гагарин көш. 2/1, 2/2, 2/7,2/8

8. Тайманов көш. 176, Ихсанов көш. 42

9. Н.Назарбаев даңғ. 224, Алмазов көш. 63