06.10.2018ж. Орал қалалық денсаулық сақтау басқармасымен Ұлттық Сараптама орталығы мамандармен бірге Ықсанов көшесінде орналастырылған ауылшаруашылық жәрмеңкесінде "Қауіпсіз тағам таңда" атты акция ұйымдастырылды. Акция мақсаты тағамның қауіпсіздігін негізгі бақылауға алу.Акция барысында тағам өнімдерінің микробиологиялық көрсеткіштеріне Экспресс əдісімен зерттеу жүргізілді, соның ішінде сүт, ет, шұжық, балық, кулинарлық, кондитерлік т.б. өнімдер ;127 сынама алынды.Сынама нəтижелері қалыпты.Сонымен қатар, қала тұрғындарына "Тағам қауіпсіздігі" ережелері көрсетілген жадынамалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.