10-шілде күні Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен «Uralsk education» оқу орындарының бірінші жәрмеңкесі өтті.
Талапкерлер мен қала тұрғындары облыстағы 4 жоғары оқу орындары: Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, ҚазИИТУ, БҚИТУ,  сондай-ақ 10-нан астам арнаулы білім беретін оқу орындары мен оқу орталықтары жиналған үлкен алаңда 100-ден астам талапкер толық ақпарат ала алды.
Келушілерге жоғары және кәсіби білім берудің мемлекеттік мекемелері, мемлекеттік емес білім беру ұйымдары, шетелде оқуға, қосымша және қашықтан оқыту бойынша білім беру кеңестері, сондай-ақ біліктілікті арттыру орталықтарының мамандандырылған курстар ұсынылады.