11 наурыз күні Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен жастар арасында «Мақал-мәтел – сөз мәйегі» қалалық байқауы өтті. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен өткізілген байқауда іріктеу кезеңінен өткен 13 сайыскер сынға түсті. Нәтижесінде І орынды Қуанышқалиева Нұрбибі (№49 орта мектептің 11-сынып оқушысы), ІI орын
Нұрғалиева Айнара (Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжінің І курс студенті), ІII орынды Кәкімжанов Айбар (№48 орта мектептің 10-сынып оқушысы) иеленді. Жүлдегерлер естелік сыйлықтар және дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен кітаптар, гүл шоқтары тарту етілді.