2018 жылдың 24 қыркүйегінде Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі, Жер қатынастары бөлімі, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Мемлекеттік кірістер басқармасы, Жергілікті полиция қызметі, сондай-ақ «Орал Таза Сервис» ЖШС өкілдері №17 ауданның депутаты Валентина Павловна Михноның жүгінуі негізінде аула аумақтарын абаттандыру, «Жайық» сауда базарының қызметі және тауарларды түсіру-тиеуді жүргізетін шағын жүк автокөліктерінің мәселелері бойынша орынға шығып, қарау жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде, қоқыс контейнерлерін орнату, сонымен қатар аулаға кіретін арнайы техникалардың өтуіне кедергі келтіретін электросымдарын жою және көлік кіруін шектейтін жол белгілерін қою шаралары ұсынылды.