2018 жылдың 29 қыркүйек күні сағ. 9:00-ден 13:00 дейін Ықсанов көшесінің бойында маусымдық көкөніс-бақша өнімдерінің жәрмеңкесі өтетінін хабарлайды.
Тауар өндірушілерге сауда орындары тегін берілетін болады.
Қала тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге белсене қатысуға шақырамыз.
Жәрмеңкеге Ақжайык, Зеленов, Қаратөбе, Теректі аудандарының, сондай-ақ қала маңының ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері, қайта өңдеу кәсіпорындары және ірі көтерме тауар жеткізушілері қатысатын болады.
Қатысуға ниет білдірген барлық ауылшаруашылығы тауарөндірушілері қосымша мәліметті «Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ алуға болады. Тел. 8 (7112) 50-09-77.