2018 жылдың 29 желтоқсан күнi сағ. 9:00-ден 13:00 дейін Достық-Дружба даңғылында (Т.Масин және М.Ықсанов көшесінің бойында) кеңейтілген Жаңа жылға арналған ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеге Батыс Қазақстан облысы тауарөндірушілері, сондай-ақ, қалалық қайта өңдеу кәсіпорындары және ірі көтерме тауар жеткізушілері қатысады. Қала тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге белсене қатысуға шақырамыз!
Айта кету керек, алғашқы жаңа жылдық жәрмеңке 22 желтоқсан күні өткен болатын.