2018 жылы 7 қараша күні сағат 10-00-де Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1 мекен-жайындағы, үлкен мәжіліс залында коммерциялық бағыттағы объектілер құрылысы және жарнама нысандарын орнату үшін жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша ағылшындық әдіспен аукцион өткізілді. Аукционға коммерциялық бағыттағы Орал қаласынан және Зачаганск, Круглоозерное кентерінен жер учаскелері ұсынылды. Аукционға барлығы 11 лот бойынша 44 өтініш келіп түсті (25 адам қатысты). Аукцион қорытындысына сәйкес 11 жер учаскесіне жалға беру құқығы ең төменгі құны 122000 теңге, ал ең жоғарғы құны 11500000 теңгеге бағаланды.