5 қараша күні Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен "Орал студенттер Альянсы" КҚ қалалық волонтерлер шақырылымын ұйымдастырды. Оған 100-ден аса белсенді волонтер жиналды. Сондай-ақ, іс-шара барысында "Волонтер-2018" жастар премиясы номинациясы бойынша байқау жеңімпаздарын марапаттау болды. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар берілді.