«Жұмыспенқамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызмет алушы ер балалар арасында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне «Жігіт сұлтаны» сайысын оздырды. Шараның негізгі мақсаты ер балаға тән қасиеттерін көрсете отырып, жігіттерімізді батырлыққа, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Сайыс «Таныстыру», «Шебер шаштараз» (баланың беті пішінделген суреттен шашты қию), «Кім шапшаң» (мольбертте берілген нүктемен жүріп өтіп, бейне шығару), «Сегіз қырлы бір сырлы», «Күш атасын танымас» (гір тасын көтеру) кезеңдеріне тұрды. Осы шараға арнаулы әлеуметтік қызметті алатын мүмкіндігі шектеулі балалар Мерей Жардемов, Мұстахим Ихсанғали, Әбілмансұр Есен, Ғабдіжалелов Тимур қатысса, өнерімен танылып жүрген Тұрарбек Марат тәрбиешісі Айгүл Ажғалиевамен жүргізді. Әр кезеңге мұқият дайындалған сайыста бірінен бірі оза шапты. Сайыстың аты сайыс, бір кезеңде мықты болса, келесі кезеңде ақсақтаған кездері болды. Мүмкіндігі шектеулі бола тұра өздерінің ел қатарлы екендігін дәделдемек болған бүлдіршіндер нағыз жігітті сұлтандары. Сайыс соңында Жардемов Мерей «Өнерлі жігіт», Ихсанғали Мұстахим «Алғыр жігіт», Есен Әбілмансұр «Шымыр жігіт», Ғабдіжалелов Тимур «Шешен жігіт» аталымдарыма ие болса, «Fiesta» дүкені демеушілік көрсетіп былғары фудбол добы мен бас киім (фуражка) сыйлады.