Құрметті Орал қаласының тұрғындары және қонақтары!
Баршаңызды 9 маусым күні сағат 10:00-де өтетін велошеруге қатысуға шақырамыз.

Облысымыздың барлық аудандары арасында өтетін Астана қаласының 20-жылдығына арналған эстафеталық велошеру Орал қаласынан бастау алмақ. 
Эстафета 9 маусым күні сағат 10:00-де П.Атоян стадионынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті алаңына дейін жалғасады. Велошеру қашықтығы 9,7 шақырымды құрайды. 
Мәреде эстафета әрі қарай Теректі ауданына жолданады.

Сөре: 09.06.2018ж., сағ.10.00
П.Атоян стадионы
Мәре: ҚР Тұңғыш Президенті алаңы