Құрметті қала тұрғындары!⠀
Ауа-райының құбылуына байланысты шатырларда мұз сеңдері, қызылсу мұзы мен сүңгі мұздар қалыптасып жатыр. Осының бәрі шатырдан құлап, адамға елеулі зақымдар тигізуі мүмкін.

Төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында тұрғын үйлер мен ғимараттардың жанынан өткенде сақ болуға шақырамыз! Жарақатты алдын алу үшін балаларыңызға түсіндіру жұмыстарын жүргізуіңіз сұралады.

Есіңізде болсын:
⠀• Сүңгі мұздар салбырап тұратын ернеу мен балконның астында тұрмаңыз.
⠀• Арнайы ескерту лентасымен қоршалған орындарды айналып өтіңіз.
⠀• Егер төбеден қандай да бір шу естісеңіз, жеделдеп қадам басыңыз. Бұл қардың немесе қызылсу мұзының сырғуы болуы мүмкін.
⠀• Көшеде құлаққапты киіп жүрмеңіз, өйткені төбеден құлайтын қардың дыбысын естімей қалуыңыз мүмкін.
⠀• Қар сырғанау қаупі бар ғимараттардың ернеулері мен өзге де нысандарды айналып өтіңіз.

Назар аударыңыз, егер Сіз қауіпті байқасаңыз, оны айналма жолмен – жолдың келесі бетіне өту арқылы немесе қар мен сүңгі мұздар қауіп төндірмейтін ғимараттың басқа жағымен айналып өту қажет.