Бүгін 2019 жылғы 17 мамырда Орал қаласы әкімі орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың төрағалығымен қала аумағындағы жұмысберушілермен кеңейтілген отырыс өткізіліп, төмендегі мәселелер қаралды:

1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау мәселесі мен электрондық еңбек келісімшарттарын жасау мәселесі жөнінде БҚО бойынша Еңбек инспекциясының Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбек қорғау бөлімінің бас маманы Асылзада Болатқызы Сүндетова түсіндіріп, жұмысберушілерге «электрондық HR» жобасына қосылу тәсілдері туралы түсіндіру мақсатында кездесулер қорытындылары жөнінде, сонымен қатар, өндірістегі жарақаттану және жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары жөнінде кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2019 жыл "Еңбек қорғау жылы" деп жарияланды, оның мақсаты салауатты және қауіпсіз жағдайларды жасау және жақсарту және еңбекті қорғау, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамыту, қызметкерлердің еңбекті қорғау мәселелеріне кеңінен қатысуын қамтамасыз ету мәселелеріне жұртшылықтың, жұмыс берушілердің назарын аудару болып табылады.

Биылғы жылы Тұңғыш президент халыққа "Бес әлеуметтік бастамамен" жүгіну арқылы азаматтар үшін мүмкіндіктер жасаудың маңыздылығына баса назар аударды. Әлеуметтік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру есебінен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған Еңбек және әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылы "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында үш ірі жоба іске қосылады, олардың бірі электрондық еңбек шарттарын есепке алу жүйесін енгізу болып табылады.