Қала күні қарсанында, тұрғындарға салтанатты түрде «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған жаңа тоғыз қабатты үйдің кілттері табысталды. 
Кілттерді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары М.ӘШІМБАЕВ пен облыс әкімі А.КӨЛГІНОВ табыстады. Сонымен қатар қала әкімі М.МҰҚАЕВ xалықтың қуанышын бірге бөлісті.Өз кезегінде үй тұрғындары Мемлекет басшысына, облыстық және қалалық әкімдіктің басшылығына тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі үшін алғыстарын айтты.