Қала тұрғындарының цифрлық сауаттылықты арттыру курстарынан тегін өту мүмкіндігі бар

2019 жылдың маусым айынан тамыз айына дейін қала тұрғындары цифрлық сауаттылықты арттыру курстарынан тегін өте алады. Курстар қалалық мектептерде өтеді.

БҚО бойынша "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Қазпошта" АҚ, "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ филиалдарының өкілдері мен Ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының мамандарының дайындығынан өткен 40 тренер халықты цифрлық сауаттылыққа үйрететін болады.

Оқыту келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

— "Базалық цифрлық дағдылар" — дербес компьютер мен ноутбукті, мобильді құрылғыларды, интернет желісін пайдалану.

— "Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер" — қажетті электрондық мемлекеттік қызметтерді онлайн алу үшін e-gov электрондық үкімет веб-порталын пайдалану.

— "Ашық Үкімет" — ашық деректерді, ашық нормативтік-құқықтық актілерді, ашық диалог пен бюджетті пайдалану.

— "Электрондық сауда" — тауарлар мен қызметтерді онлайн сатып алу, сату және жылжыту дағдылары.

— "Ақпараттық қауіпсіздік негіздері" — дербес деректерді қорғау дағдылары және интернет желісіндегі жұмыс қауіпсіздігі.

Курсқа тіркелу 24-84-24 нөміріндегі сall-center арқылы жүргізіледі. Көрсетілген байланыс нөмірі арқылы басқа да сұрақтарыңызбен хабарласуға болады.