Бүгін қала әкімі Мұрат МҰҚАЕВ баспасөз қызметкерлерімен қалада ыстық судың болмауы себептері бойынша брифинг өткізді. 
А.ж. 25 мамырында Орал ЖЭО-да (Орал жылу-электр орталығы) газ тасымалдаушылардың алдындағы қарыздар болуы себепті табиғи газ беруді тоқтатқан болатын. «Жайықжылуқуат» АҚ-ң Казтрансгазаймаққа берешегі 894 млн.теңгені құрап отыр. 25 мамырға «Жайықжылуқуат» АҚ-ға жылу және ыссы су үшін тұрғындардың берешегі 734,6 млн. теңгені құрап отыр. Сәуір айында «Жайықжылуқуат» АҚ көгілдір отын үшін 672 млн. теңге төлеген болатын, мамыр айында 700 млн.теңгені төлеу жоспарланып отыр. Кәсіпорынмен борышкерлерден қаражат жинау бойынша барлық, тіпті сот шешімі бойынша үйге тыйым салуға дейін шаралар қабылдануда. Қысқартылған жұмыс кестесіне кәсіпорынның 343 қызметкері ауысып, борышкерлердің үйлерін күн сайын кешкі 17.00-ден 21.00-ге дейін аралайтын болады. Тұтынушы қызметтер бойынша сол жерде қарыздарын өтей алады. Брифинг барысында тілшілер сұрақтар қойып, оларға жауап алды.