8 ақпанда Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" және "Ұлы Даланың жеті қыры" мақалалары аясында "Өз өлкеңді тану-рухани жаңғырудың даңғылы" тақырыбында өлкетанушылар конференциясы өткізілді. Конференцияда қала мектептерінен 86 оқушы баяндама оқыды. Секциялық отырыс үш бөлімнен тұрды. Олар: 1. "Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт" және "Ұлы Даланың ұлы есімдері. 2. Өлкетану 3. Саналы азамат.