«Қарты бар ел – қазыналы ел»

«Қарты бар ел – қазыналы ел» дегендей, бүгін қала әкімі Мұрат Мұқаев қалалық ардагерлер кеңесі мүшелерімен кездесті. Күн тәртібінде қоғамымыздағы екі мәселе қарастырылды. Олар Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру бойынша және қала бойынша еңбек ардагерлерін қолдау шаралары. Елбасымыздың осы жылы жарыққа шыққан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртуға байланысты бірнеше бағдарламалар ұсынылды.
Орал қаласы әкімдігімен биылғы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру және ардагерлер ұйымдарын дамыту бойынша шаралар ұйымдастыру» атты әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. 
Осы жоба аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жастар өкілдерімен кездесулері, халық әндері фестивалі, спорттық шаралар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіліп жатыр. Бұл шаралар әлі де жалғасын табатын болатының айтқан шаһар басшысы ардагерлерді осы шаралардан тыс қалмай қатысуларыңызды сұрады.


10.08.2017 14:33

Сақтап алу: