Құрметті Орал қаласының тұрғындары! Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков алдағы күндері қаланың шет аумақтарындағы шағын аудандарда ашық әкімдік шарасы аясында қабылдау жүргізеді. Шараға қала басшылығы, құрылымдық бөлім басшылары, коммуналдық қызмет көрсету мекеме басшылары қатысады. Толғандырып жүрген көкейкесті мәселеңіз болса өз ауданыңызда өтетін «Ашық әкімдік» шарасына келуіңізге болады. Қабылдау уақыты және мекен жайы төмендегі кестеде көрсетілген.

 

1. Желаев селолық округі 17 қыркүйек сағ.16:00- 19:00 Мектептен тыс жұмыс орталығы Агрегатная көш. 15/1

2. Круглоозерный кенті 18 қыркүйек сағ.16:00- 19:00 Круглоозерный ЖОББМ Астана көш.82

3. Орал қаласы 19 қыркүйек сағ.16:00- 20:00 Жастар мәдениет үйі Карбышева көш. 60

4. Орал қаласы 20 қыркүйек сағ.14: 00- 18: 00 Жастар шығармашылық орталығы Гагарина көш.105/3