АУКЦИОН ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2017 жылы 17 мамыр күні сағат 11:00-де Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1 мекен-жайындағы, үлкен мәжіліс залында коммерциялық бағыттағы объектілер құрылысы үшін жер учаскелерін жалға беру құқығын сату бойынша ағылшындық әдіспен аукцион өткізілді. Аукционға коммерциялық бағыттағы Орал қаласы, Деркөл кенті, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасындағы 1-ші және 2-ші кезеңдерінен 8 жер учаскесі ұсынылды. Аукционға барлығы 8 лот бойынша 14 адам қатысты. Аукцион қорытындысына сәйкес 8 жер учаскесіне жалға беру құқығы ең төменгі құны 197000 теңге, ал ең жоғарғы құны 1301000 теңгеге сатылды. 


18.05.2017 09:56

Сақтап алу: