Орал қаласының әкімдігі, 2018 жылдың 7,14,21 және 28 сәуір сенбі күндері сағ. 900 - ден 1300 дейін Ықсанов көшесінің бойында азық-түлік тауарларының кеңейтілген жәрмеңкесі өтетінін хабарлайды.

Аталған жәрмеңкеге қала маңының және облыстың тауарөндірушілері, қайта өңдеу кәсіпорындары және ірі көтерме тауар жеткізушілері қатысатын болады.

Тауарөндірушілерге сауда орындары тегін берілетін болады.

Қала тұрғындары мен қонақтарын азық-түлік тауарларының кеңейтілген жәрмеңкесіне белсене қатысуға шақырамыз.

Қатысуға ниет білдірген барлық ауылшаруашылығы тауарөндірушілері қосымша мәліметті «Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ алуға болады. Тел. 8 (7112) 50-09-77.