Құрметті Орал қаласының тұрғындары мен қонақтары!Ағымдағы жылдың 8 желтоқсан күнісағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, Сырым Датов көшесіндегі «Ел-Ырысы» базарында және Ихсанов көшесінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтетіндігін хабарлаймыз. Жәрмеңкеде көкөніс, жеміс - жидек, ет және шұжық өнімдері,  сүт және сүт өнімдері және тағы басқа да көптеген өнімдер ұсынылады.Дәстүрлі жәрмеңке отандық тауар өндірушілерді қолдау және азық-түлік бағасы өсуіне жол бермеу бойынша кешенді шаралардың бірі болып табылады.Барлық ниет білдірушілерді жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз!