Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығымен бекіліген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес, «Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 2017 жылдың 1 наурыздан 1 желтоқсанға дейін, гербицид, биоагенттер және биопрепараттарға 2017 жылғы 1 наурыздан 10 желтоқсанға дейін өтінім қабылданатынын хабарлайды.

Қосымша ақпаратты «Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы 182/1-үй, 0-қабат, 4-бөлме, тел.500977, (сағ. 900 - 630 дейін, түскі үзіліс 1300 - 1430 дейін) info@uralsk.gov.kz. алуға болады.

                  

                 Орал қаласының

ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы                       М.Батырғалиев