Орал қаласы әкімдігімен өткізіліп жатырған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуін болдырмау шаралары аясында, жергілікті кәсіпкерлік субъектісі - «LTD Altyn Nar Traide» ЖШС-нің қатысуымен «Весы» сауда үйінде көкөніс, жеміс-жидек және өңделген тағамдар сататын сауда орындары 2 ақпаннан бастап ашылады. Қаламыздағы кәсіпкерлік қызметті қолдау мақсатында сауда орындары тауар өндірушілерге тегін беріледі.
Шаруа қожалықтарын, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер мен өңдеушілерді, сондай-ақ көтерме жеткізушілерді аталған жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз!
Мекен-жайы: Д.Нұрпейісова көшесі 40 («Жалын» базары артында)
Байланыс телефоны: 8 775 655 71 97, 8777 567 70 15