2018 жылы  26 сәуір күні сағат 11-00-де Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1 мекен-жайындағы, үлкен мәжіліс залында коммерциялық бағыттағы объектілер құрылысы үшін жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша ағылшындық әдіспен аукцион өткізілді. Аукционға коммерциялық бағыттағы Орал қаласынан және Зачаганск, Круглоозерное кентерінен  жер учаскелері ұсынылды. Аукционға барлығы 10 лот бойынша 53 өтініш келіп түсті  (32 адам қатысты). Аукцион қорытындысына сәйкес 9 жер учаскесіне жалға беру құқығы ең төменгі құны 312000 теңге, ал ең жоғарғы құны 5050000 теңгеге бағаланды. Коммерциялық бағыттағы 9 жер учаскелерінің жалдау құқығы аукционда жалпы құны 28232000 теңгеге сатылды.