Мемлекет басшысы Индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған Орал трансформатор зауытында болды. Өндіріс ошағы жылына 10 мың дана трансформатор шығаруға қауқарлы. 
200-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған өндіріс орны жергілікті оқу орындарымен ынтымықтаса жұмыс істеп келеді. Техникалық мамандықтар бойынша дуальды оқыту негізінде білім алатын студенттер зауытпен тығыз байланыс жасайды. 
Сонымен қатар, Мемлекет басшысына өңірдегі жиһаз, азық-түлік, құрылыс және жеңіл өнеркәсіп орындарының жұмыстары таныстырылды. – «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына кәсіпкерлерді тарту арқылы экономиканы әртараптандыру жұмыстарын жалғастыру керек. Бұл мәселе бойынша Үкімет белсенді жұмыс істеуде. Жергілікті әкімдік те осы бағдарлама арқылы өндірістерді ұлғайтуды ойластыруы қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.