Қазақстанның макроэкономикалық тұрақтылығы мен елдің өсу перспективалары «Smart City» жобасын жүзеге асыру үшін бірегей мүмкіндік болып табылады.

  • Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды тапсырмалардың бірі – ЭКСПО-ның барлық коммуникацияларын «ақылды қала» электронды жүйесі арқылы басқару. Ол үшін елордада және басқа қалаларда «Smart Astana» жобасы қолға алынды. Аталған бастама аясында озық ақпараттық технологияларды енгізу арқылы қала инфрақұрылымын барынша дамыту жоспарланды. Ондай «ақылды» компьютерлік технологиялар жайлы өмірге негіз болып қана қоймай, қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін де қамтамасыз ете алады. 
    ЭКСПО-2017 қаланың дамуына ғана емес, жалпы республиканың дамуына да оң әсер етпек. Өйткені, құрылыс индустрия¬сы жанданып, жаңа өндірістер ашылады. Сондықтан біз бірегей іс-шараға дайын болуымыз қажет. Бұл – Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен іс жүзіне асырылатын сындарлы міндет.
    Шет елдерден келген бүгінгі қонақтар «ақылды қаланы» құру кезіндегі шешімдердің, цифрлаудың перспективалары туралы жобаларын таныстырып, басқа да өзекті үдерістер туралы айтып шықты. Сондай-ақ, форум шеңберінде көптеген өзекті мәселелер талқыланды.
    «Ақылды қалаларды» дамыту бойынша «Smart City» жобасын сәтті жүзеге асырған жағдайда экологиялық, экономикалық және әлеуметтік салаларда маңызды нәтижелерге қол жеткізуге болады.

05.04.2017 11:07

Сақтап алу: