Орал қаласының әкімдігі, 2018 жылдың 21 және 28 сәуір сенбі күндері сағ. 9.00 - ден 13.00 дейін Ықсанов көшесінің бойында азық-түлік тауарларының кеңейтілген жәрмеңкесі өтетінін хабарлайды.
Аталған жәрмеңкеге қала маңының және облыстың тауар өндірушілері, қайта өңдеу кәсіпорындары және ірі көтерме тауар жеткізушілері қатысатын болады.
Тауарөндірушілерге сауда орындары тегін берілетін болады.
Қала тұрғындары мен қонақтарын азық-түлік тауарларының кеңейтілген жәрмеңкесіне белсене қатысуға шақырамыз.
Қатысуға ниет білдірген барлық ауылшаруашылығы тауарөндірушілері қосымша мәліметті «Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ алуға болады. Тел. 8 (7112) 50-09-77.