Батыс Қазақстан облысында үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 23 ақпанда бекітілген «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» конкурсын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі 2017 жылға арналған  іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету және халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында Батыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап 1 шілдеге дейін әлеуметтік жобаларды іріктеу жүргізіледі (1 наурызынан бастап 1 шілдеге дейін – өтінімдерді қабылдау).

Облыста әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша Комиссиясы құрылып, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, үйлестіру кеңесінің мүшелері, ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалының өкілдері, әкімдердің мүмкіндігі шектеулі азаматтар мәселелерімен айналысатын кеңесшісі және басқа да ұйымдар еңгізілді.

Осыған орай, әлеуметтік жобаларды іріктеуді келесі санаттар бойынша жүзеге асыру қажет:

- жетім балалар;

- мүгедектер;

- әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын азаматтар;

- аз қамтылған және көп балалы отбасылар;

- жұмыссыз және жалғызбасты азаматтар;

- қарт адамдар, ардагерлер және басқа да өмірлік киын жағдайға тап болған азаматтар.

1. Аталған іс-шараларды қаржыландыру көздеріне қарамастан халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде қызмет атқарып отырған қоғамдық бірлестіктер, мүгедектердің қоғамдық ұйымдары, басқа мекемелер, ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

2. Комиссия әлеуметтік жобаларды іріктеу үшін 5 балдық жүйе бойынша мынадай бағалау өлшемшарттарын айқындай алады:

1) жобаның Байқау мақсаты мен шарттарына сәйкес келуі: «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қоса алғанда, азаматтарға медициналық, әлеуметтік, білім беру және басқа салаларда қолдау көрсету, сондай-ақ жұмыс орындарын ашу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»;

2) жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы;

3) жобаны сапалы жоспарлау (іс-шараларды жобаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес нақты іске асыру);

4) жоба нәтижесінің қолжетімділігі;

5) осыған ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (ағымдағы жобаны жалғастыру және кеңейту);

6) қосымша қаржыландыру көздерінің болуы (қайырмалдық, гранттар, қайырымдылық, әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты);

7) аумақтық қамтуы (жобаны масштабтау);

8) өмірлік қиын жағдайға тап болған халықтың қамтылу үлесі;

9) жобаның ұзақтығы (1 жылдан кем емес);

10) жобаны іске асыруға еріктілерді тарту.

3. Көрмеге қатысуға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:

1) ұсынылған құжаттарды, презентация материалдарын ресімдеудің сапасы;

2) жобалардың слайдтар, роликтер түріндегі презентациялау ұзақтығы 3-5 минут болатын презентациялық материалдарын құрастыру;

3) өткен жылғы республикалық Көрмеге ұсынылған жобалар қайталап қаралмайды.

4. Қажеттілік туындаған кезде Комиссия мүшелері «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу өлшемшарттарына түзетулер енгізе алады.

5. Іріктеу турына қатысуға өтінім қосымшадағы нысан бойынша
(№ 1 қосымша) өңірлік деңгейде өткізілетін іріктеу турының басталған уақытынан бастап ұсыныла алады.

6. Жоғарыда аталған өлшемшарттардың талаптарын сақтамаған жағдайда Комиссия қатысушыларға ұсынылған материалдарды кері қайтарып беруі мүмкін.

7. Жобаларды іріктеу кезінде даулы сұрақтар туындаған жағдайда Комиссия төрағасының шешімі басымды құқыққа ие болуы мүмкін.

8. Комиссиямен іріктеп алынған жобалар материалдары ағымдағы жылдың 1 тамызына Министрлікке республикалық көрмеге жолданады.

9. Ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу кезінде туындаған барлық сұрақтар бойынша қосымша ақпараттарды алу және ұсыну үшін 090000, Орал қаласы, Сарайшық көшесі 44/2,  303, 305 бөлме,  Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына          50-81-00, 50-52-32 және электрондық мекенжайларына (zko.otdel.vi@mail.ru)          хабарласуларыңыз қажет. 

Сонымен қатар, іріктеу конкурстың өтінімдерінің материалдары жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының сайтында socio-bko.gov.kz жарияланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу бойынша іс-шараларды өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға

1-қосымша

 

Әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша іс-шараға қатысу үшін өтінім

 

1.

Әлеуметтік жобаның авторы

 

2.

Әлеуметтік жобаның атауы

 

3.

Жобалардың өңірлерде іске асырылған кезеңі

 

4.

Жобаның әлеуметтік маңыздылығы

 

5.

Қысқаша аннотациясы

 

6.

Жобамен қамтылған адамдар санаты және саны

 

7.

Қаржыландыру көздері

(мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, тартылған қаражат)

 

8.

Қол жеткізілген нәтижелер (оңалтудан өткен, жұмысқа орналастырылған, қамтылғандардың және  т.б. саны)

 

9.

Презентациялық материал (жобаның логотипі, слайдтар және DVD форматтағы роликтер)

 

10.

Қосымша ақпарат (телефон, факс, e-mail және т.б.)

 


18.03.2017 11:15

Сақтап алу: