Батыс Қазақстан облысында «ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН 101 ИДЕЯ»
қоғамдық науқаны өз бастауын алды!
Батыс Қазақстан облысы жастарының ойларын және ұсыныстарын негізге ала отырып, жастар үшін жұмыстың басты бағытын анықтау мақсатында «Жастарға арналған 101 идея» қоғамдық науқаны жүзеге асырылады.
Жастар арасында жүргізілетін сауалнама барысында жастарымыздың ойлары мен пікірлері (ұсыныстары) негізгі екі бағытта жүзеге асырылып, анықталады. 
1. Ең біріншіден, бүгінгі «Жастарға не қажет?» екенін анықтау;
2. Жастарға арналған идеялар мен жобаларды ұсыну
Өңіріміздің тұрғындары жастар мәселелеріне қатысты өз ойларын «Ақжайық жастары» - zhastar-07.kz порталында өтетін арнайы сауалнамалар арқылы жеткізе алады, сонымен қатар 15 қарашадан бастап www.crowd.kz2050.kz краудсорсинг платформасында өздерінің нақты жобалары мен ойларын ұсына алады. 
Кампания арқылы ұсынылған пікірлер мен жобалар арнайы жастар арасында өткізілетін ашық алаңдарда, облыстық жастар форумында талқыланатын болады. Сараптамадан өткен нақты ойлар мен жобалар Жастарды дамытудың жол картасына енгізілетін болады.
Жалпы, https://ru.surveymonkey.com/r/KG9PM6H сілтемесі арқылы облыстағы жастар ахуалына баға бере аласыздар.