БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
БҚО Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің және «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқармасының шешімі бойынша өңірлік Кәсіпкерлер палатасының директоры болып, бұрын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ БҚОФ-ны басқарған Ербол Иденов тағайындалды.
Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік басқару Академиясын, Халықаралық бизнес университетін (UIB) бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы «W.K. D.» ЖШС Орал филиалында оператор-ассистент болып бастаған. 2001 жылдан бастап «Қазақстан Халық банкі» АҚ БҚОФ, «НефтеБанк» АҚ Орал филиалында, «БТА Банк» АҚ Батыс аймақтық дирекциясында, «Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБ филиалында, «Нұрбанк»АҚ әртүрлі жауапты қызметтерді атқарды.
2015 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ БҚО бойынша аймақтық филиалының директоры болып қызмет істеді.