Бүгін қала әкімі М.Мұқаев "Қазпошта" АҚ филиалы қызметкерлері және коммуналдық мекемелер басшыларымен бірыңғай түбіртек бойынша коммуналдық қызметтерді төлеу жайында кездесу өткізді.
«Бірыңғай төлем құжаты» жобасы бұдан бұрын қала әкімінің ПИК мен жаңа жүйеге қосылуды ұсынған кондоминиумдармен кездесуінде таныстырылған болатын. Бұл жүйе Орал қаласы тұрғындары үшін бірқатар маңызды зор деуге болады. 
Абоненттер әр компаниядан әр түрлі уақытта бірнеше түбіртек алмайды және оның орнына бар болғаны бір құжат беріледі. Сондай-ақ комиссиялық ақы да бір түбіртек үшін төленеді. Бұл дегеніміз берешекті төлеуде ақшамыз бен уақытымызды үнемдейді. Өз кезегінде коммуналдық мекемелердің шот-хабарламаларды жасауға, басып шығаруға, жеткізуге және көптеген процестерге жұмсалатын шығындары азаяды. 
Бірыңғай түбіртек бойынша коммуналдық төлемдерді Қазпошта бөлімшелерінде, post.kz (комиссиясыз) порталы және Kaspi Bank сервистері арқылы төлеуге болады. Төлемдер мен берешектер жөніндегі барлық ақпарат ғимараттар сайтына түсіп отырады. Бұл тұрғындардың өз берешектері мен барлық төлемдерінің барысын онлайн режимде көріп отыруына мүмкіндік береді.