Конкурстық комиссияның шешіміне меритократия принципіне сәйкес Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Каримов Ерболат Нұрланұлы тағайындалды. Каримов Ерболат Нұрланұлы – 1975 жылы туған. Білімі – жоғары. 2000 жылы - А.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2007 жылы – Ақтөбе қаласындағы Қазақ-орыс халықаралық университетін тәмамдаған. Әр жылдары:
- «Омега» №086 АҚ цеxтің қосымша жұмысшысы;
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде;
- Атырау менеджмент және маркетинг колледжінің экономика және құқық бойынша оқытушысы;
- Орал қаласының халыққа қызмет көрсету орталығының кеңесшісі;
- Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы;
- Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау, кадр жұмысы және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімінің бас маманы;
- Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік-құқықтық меңгерушісі;
- Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
- Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы;
- Бүгінге дейін Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы болып істеді.