Бүгін қала әкімі М.МҰҚАЕВТІҢ қатысуымен «Еуразия» туристік-сауықтыру кешенінде «ЖАСТАР-ОТАНҒА» жастар лагерінің қатысушыларымен бейресми кездесу өтті.
Лагерге БҚО жастар ұйымдарының өкілдері, облыстық жастар ресурстық орталығының белсенділері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттері мен Ақтөбе облысының делегаттары қатысып жатыр.
Кездесу «сұрақ-жауап» форматында өтті.
Қала әкімі жастардың өзекті сұрақтарына жауап беріп, барлық ұсыныстарды ескерді.
Сонымен қатар бүкіл қала тұрғындарын мен жастарын қала тазалығын сақтауға шақырды.