Бүгін қала әкімі М.МҰҚАЕВТЫҢ үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында үкіметтік емес ұйым өкілдері еркін форматта өздерінің ойларымен бөлісті. Қала әкімі қараша айында Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен VIII Азаматтық форумы және онда талқыланған мәселелерге, сонымен қоса, 2019 жылға мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында өткізілетін шараларға тоқталып өтті. Сонымен қатар, кездесу барысында үкіметтік емес ұйым өкілдерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, алғыс xаттар табыстады