Бүгін қала әкімі Мұрат Мұқаев қаламыздың "Ғибадат" ЖШС-ның директоры, «Мүмкіндігі шектеулі жандарды кәсіби демеу» әлеуметтік жобасының жетекшісі Біржан Қожақовтың ұжымын Жаңа жылмен құттықтады.
Кәсіпорын жұмысымен танысқан шаһар басшысы жұмысшыларды Жаңа жылмен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.
Айта кетейік, Біржан Қожақов «Ғибадат» кәсіпорнын құрып, мүмкіндігі шектеулі жандарға жаңа жұмыс орындарын ашқан болатын. 2015 жылы ол «Демеу» мүгедектерді қорғау қоғамының негізін қалап, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолайлы жұмыс орнымен қамтамасыз ету және жаңа мамандықтарға оқыту мүмкіндігін ұсынды. Бүгінде жұмыскерлердің штаттық саны 35 адамды құрайды, олардың 21-і мүмкіндігі шектеулілер. 2016 жылдан бері қоғамдық бірлестік ми сал ауруына шалдыққан (БЦП) балаларға арнап тіктеуіштер мен қатар үй жиһаздарын, сандық т.б. ағаштан жасалатын заттар шығарады.