Бүгін қала əкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев Құрманғалиев 3 мекен-жайында орналасқан апатты жағдайдағы үйдің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар апатты деп танылған үйден көшуге рұқсат берді. 10 күн ішінде көшіп болған соң, аталған апатты үйді бұзып орнына көпқабатты үй салынатын болады. Мемлекеттік-жекеменшік əріптестік аясында жаңа үйді салуға "Орал Полимер" ЖШС кіріседі.