Бүгін Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрында дәстүрлі "Ашық әкімдік" шарасы өтті. Таңғы 10:00-ден басталған шараға 560 адам келсе, 70-тен астам тұрғын облыс әкімі Ғали Есқалиевтың, 63 адам Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаевтың жеке қабылдауында болды. Шарадағы сұрақтардың дені тұрғын үй, жер мәселесі, атаулы әлеуметтік көмек алу бойынша, ПИК мәселелері болды. Бұл жолы тұрғындардың қолайлылығы үшін электронды кезек ұйымдастырылып, тұрғындар өз кезегімен облыс және қала әкімдеріне, орынбасарларына және басқарма, бөлім басшыларына көкейіндегі сұрақтарды қоя алды.

Барлық мәселені бұқарамен ашық талқылап, түйінді мәселені бірлесе шешетін "Ашық әкімдік" - Мемлекет басшысының транспарентті мемлекет құру туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асуда.