Бүгін, Орал қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында коммерциялық бағыттағы объектілер құрылысы үшін жер телімдерін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өтті.
Ағылшындық әдіспен ұйымдастырылған аукционға коммерциялық бағыттағы Орал қаласынан және Деркөл, Зашаған кентерінен 9 жер учаскелері ұсынылған еді. Сайып келгенде барлығы 6 лот бойынша 26 өтініш білдіріпті. Оның 17-сі қатысқан, ал 3 лот бойынша өтініш түспеген. 
Аукцион қорытындысы бойынша 6 жер телімдеріне жалға беру құқығы ең төменгі құны 275000 теңге, ал ең жоғарғы құны 2350000 теңгеге сатылды.