Бүгін Орал қаласында "Smart City Uralsk" халықаралық форум бастау алды. Форум аясында облыс әкімі Алтай Көлгінов сөз алып, қонақтарға өңірде "Smart City" жобасы аясында атқарылып жатқан істер туралы баяндады.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов:
Орал қаласында «Smart City - Ақылды қала» атты жаңа кешенді жоба жасақталуда. Бұл концепцияның басты мақсаты – тұрғындар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіп пен жол ережелерін сақтау, қоршаған ортаны қорғау. «SMART CITY-2017» форумының біздің өңірде өткізілуі – осының айғағы. 
Бүгін сарапшы ретінде тәжірибесімен алмасу мақсатында біз Еуропада екі мәрте үздік «Ақылды қала» жоба операторы «Бизнес Оулу» фин компаниясы шақырылды. «Ақылды қала» смарт технологияларды енгізуді, өнеркәсіп құруды, адам капиталының дамуын және қала өмірін өзгертуді көздейді. 
Біздің бірлескен жұмысымыз инновациялық технологияларды пайдаланып, өмір сапасын жақсартудан басқа, әр түрлі салада экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 


04.04.2017 18:36

Сақтап алу: