Бүгін Орал қаласының әкімдігінде 30 тамыз- Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шара барысында қала әкімі М.МҰҚАЕВ жиналысқа қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, заң мен құқықтық тәртіпті сақтауда қосқан елеулі үлесі үшін құқық қорғау органдары мен сот саласындағы қызметкерлерге алғыс хаттар табыстады. Бұған қоса, жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады.