Бүгін Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында сөз алған шаһар басшысы мемлекеттің қандай да болмасын бастамасын жүзеге асыру жолында үкіметтік емес ұйымдардың маңызы өте зор екенін атап өтті.
Кездесуде көкейкесті мәселелер көтеріліп, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерінен түскен ұсыныстар қаралды.
Билік пен халық арасындағы жұмысты жалғастыра отырып, сенімді серіктестер ретінде тығыз жұмыс жасайтынына сенім білдірген қала әкімі бірқатар ұйым жетекшілерін марапаттады