Бүгін Т.Масин көшесі бойындағы тынымбақтын ашылу салтанаты өтті. Шараға қала әкімі М.МҰҚАЕВ және облыстық мәслихат депутаты Джакупов Жаслан Қабибуллаұлы, қалалық мәслихат депутаттары, ардагерлер, қала тұрғындары, жастар қатысты. 
Қала әкімі өз сөзінде Джакупов Жаслан Қабибуллаұлына қаланың абаттандыру жұмысына өз үлесін қосқан үшін алғыс айтып, жаңа тынымбақ жеке кәсіпкерлерге үлгі болатынына сенімін білдірген.
Тынымбақ Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы «Туған жер» арнайы жобасы аясында «Батыс Пауэр» ЖШС –нің басшысы Джакупов Жаслан Қабибуллаұлы өз қаражатына салып, қала тұрғындарына сыйға тартты.