Бүгін Желаев селолық округінде Қала əкімі М.Мұқаевтың, бөлім басшыларының жəне коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің басшыларының қатысуымен "Ашық əкімдік" тұрғындарды жеке мəселелерімен қабылдау шарасы өтті. Шараға 15 тұрғын қатысса, 7 тұрғын қала əкіміне жолығып, 3 тұрғын жер мəселесі, 2 тұрғын үй кезегі, 4 қоғамдық көлік мəселесі, 4 кəріс жүйесі, 1 жұмысқа орналасу жəне 1 спорт алаңын салу мəселелері бойынша сұрақтарын қойды. Тұрғындардың сұрақтары қатаң бақылауға алынып, нақты жұмыстар атқару тапсырылды.