2019 жылы Деркөл кентіндегі Деркульская, Северная және Ғ.Құрманғалиев көшелеріне көше жарығын орнату жұмысы толығымен аяқталмақ. -2018 жылы қаладағы демеушілер есебінен «Туған жер» бағдарламасы аясында 3 тынымбақ абаттандырылды. Тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы аясында 2018 жылы жалпы сомасы 125 млн. теңгені құрайтын 9 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Деркөл кентінде абаттандыру бойынша «Орал Таза Сервис» мекемесі күшімен ТЖЖ-1 аймағына қатты қоқыс қалдықтарын жинайтын 21 контейнер қойылса, ТЖЖ-2 аумағына 16 контейнер қойылды.
Көкжиек шағынауданында 500 үй болса, Сарыарқада 2 320 үй бар. Аталған аудандарда абаттандыру жұмысын күшейтеміз. Көкжиектегі көшелердің құрылысы аяқталды. Биыл Сарыарқа шағынауданында жол құрылысын салуды бастаймыз, - деді қала әкімі Мұрат Рахметұлы.

Динара Насыр, @zhaikpress