15 988 халқы бар Деркөл кентінде Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаевтың есептік кездесуі өтті. Қала басшысы биыл кентте құрылыс пен абаттандыру жұмысы жалғасатынын айтты. - Биыл Ветелки ауылындағы үйлерге су жүргізу жұмысын бастаймыз. Жобаның құны - 384,5 млн. теңге. Конкурс жарияладық. Демек, 500 тұрғын таза ауыз сумен қамтылады. Мұнымен қоса, Сарыарқа шағынауданынан еріген суды ағызып жіберуге және ішкі кірме жолдың құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжат дайындалуда. Оған 48 көше кіреді, - қала әкімі. Динара Насыр, @zhaikpress