Орал қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Орал қаласының кәсіпкерлік, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің қызметкерлері Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойында орналасқан бизнес нысан иелеріне жарнама орналастыру, абаттандыру ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар, алдағы жалпықалалық сенбіліктерге белсенді қатысуға шақырды.